Өңірде «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Ұлытау облысында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты — отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ іс-шара құқыққа қарсы әрекеттерге бейім тұлғаларды анықтауға бағытталған.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері пәтерлерді аралап, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеріп, олардың тұрмыстық қатынастардағы қауіпсіздігін бақылауда ұстауда. Халық арасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, заңнаманы сақтау және отбасы ішіндегі дұрыс қатынастарды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, азаматтар құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтарды алдын алу жөнінде ақпараттық брошюралар мен кеңестер беріледі. Іс-шараның маңызды бөлігі – қауіпке бейім азаматтарды қолдау және қоғамда қауіпсіз ортаны сақтау.