
Ұлытауды тануға 650 тг жетеді
2026 жылдың жазғы туристік маусымына орай Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы танымал екі бағыт – «Әулиетау» және «Едіге тау» туристік маршруттары ресми түрде ашылды.
«Әулиетау» бағыты – рухани маңызы зор, табиғаты көркем аймақтар арқылы өтетін ерекше бағыт. Бұл жер келушілерге тыныштық пен ерекше әсер сыйлайды. Ал «Едіге тау» маршруты – тарихи аңыздарға бай, белсенді демалысты ұнататын жандарға арналған.
Туристерге табиғатты қорғау ережелерін сақтап, белгіленген соқпақтармен жүру ұсынылады.
“Ұлытау өңірінің әсем табиғатын тамашалап, тарихи орындарымен танысқысы келетін баршаңызды жазғы туристік маусымға шақырамыз!Туристік маршрутқа кіру құны бір адамға тәулігіне 648,75 теңгені құрайды, көлік тұрағы – 432,5 теңге, экскурсия жүргізуші (жолсерік) қызметі – 821,75 теңге”- дейді Ұлытау МҰТП қызметкерлері.