Заң және тәртіп
Тренд

Ұлытау жастары Отан алдындағы борышқа аттанды

Ұлытау облысында жас азаматтарды әскер қатарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған сарбаздарға ақ жол тілініп, олардың патриоттық рухына сенім білдірілді.

Жиында ардагерлер мен қоғам өкілдері сөз сөйлеп, ел қорғау – әр азаматтың абыройлы міндеті екенін атап өтті. Подполковник Ержан Жұманов жастарды тәртіпке, жауапкершілікке және Отанға адал қызмет етуге шақырды.

Жас сарбаздар әскери міндетін абыроймен атқаруға дайын екендерін көрсетті.

Back to top button