
Абай облысының Семей қаласында 21-24 сәуір күндері жастар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Ұлытау өңірінің намысын қорғаған Ислам Макажанов тамаша өнер көрсетіп, 90 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Жас балуан жарыс барысында жоғары дайындық деңгейін байқатып, барлық белдесулерде қарсыластарынан басым түсті. Нәтижесінде ел чемпионатының алтын жүлдесін иеленіп, өңір мерейін үстем етті.
Бұл жеңіс – спортшының табанды еңбегі мен тынымсыз жаттығуының жемісі. Сонымен қатар, бапкері Есім Ізтөлеуовтің де еңбегі зор.