Басты жаңалықҰлытау тынысы
Тренд

«Жезқазған – Қызылорда» трассасы 2027 жылы толық ашылады

«Жезқазған – Қызылорда» автожолы 2027 жылы толықтай пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2026 жылдың соңына дейін жолға асфальт төселіп, көлік қозғалысы толық қамтамасыз етіледі. Ал 2027 жылы абаттандыру жұмыстары аяқталып, жол толық іске қосылады.

Жалпы ұзындығы 208 шақырымды құрайтын жобаны Азия даму банкі қаржыландыруда. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуірінде басталған. Қазіргі таңда негізгі асфальт қабаты 60 шақырымға, төменгі қабаты 45 шақырымға және жоғарғы қабаты 10 шақырымға төселген.

Жобаны іске асыру мерзімі 2025–2027 жылдарға жоспарланған.

Back to top button