
Ұлытау облысында «Қаражал – Атасу» автомобиль жолын жаңғырту және асфальттау жұмыстары қарқын алды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, жолдың 0–28 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары биыл жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл учаске өңір тұрғындары үшін маңызды бағыттардың бірі саналады.
Сонымен қатар, 118–179 шақырым аралығында (жалпы 61 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары басталған. Жоспарға сәйкес, биыл оның 25 шақырымы қолданысқа беріледі. Ал жобаның толық аяқталуы 2027 жылға жоспарланған.
Жалпы алғанда, аталған жұмыстар жол сапасын жақсартып, елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жеңілдетуге және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.