Ұлытау тынысы
Тренд

Сәтбаевта биыл 19 көшеге асфальт төселеді

Ұлытау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл Сәтбаев қаласының жол инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында айтылды.

Қазіргі таңда 18 көше бойынша мердігер ұйымдар анықталып, жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар Абай көшесін орташа жөндеуге қатысты мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, оның қорытындысы мамыр айының ортасында белгілі болады.

Осылайша, биыл қалада жалпы 19 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 30 мың шаршы метр аумақта ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған шаралар қаладағы жол сапасын жақсартып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз қозғалыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

Back to top button