Заң және тәртіп

Жезқазғанда рейд барысында 6 көлік айып тұрағына қойылды

Жезқазған қаласында 2026 жылғы 11 шілде мен 16 тамыз аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мопед, электрсамокат және квадроцикл жүргізушілеріне бақылауды күшейтті. Нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзған 6 мопед, 1 электрсамокат және 1 квадроцикл иесіне қатысты барлығы 8 әкімшілік хаттама толтырылды.

Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі бойынша – 3 хаттама; ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша – 4 хаттама; ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі бойынша – 1 хаттама. Сонымен қатар, заң талаптарына сәйкес 6 көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Жезқазған қаласы Полиция басқармасы барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралдарын заң талаптарына сәйкес тіркеуден өткізіп, белгіленген тәртіппен пайдалануға шақырады. Мамандардың айтуынша, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жолдағы тәртіпті күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған маңызды профилактикалық жұмыстардың бірі.

Back to top button