Қоғам

«Даму» қоры Ұлытау облысы кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Ұлытау облысында шағын және орта бизнесті қолдау бағыттары кеңейіп келеді. «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілетін экономикалық қызмет түрлерінің тізімі толықтырылды.

Жаңа тізімді әзірлеу кезінде Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының ерекшеліктері, сондай-ақ олардың даму басымдықтары ескерілген. Сондықтан әр өңір үшін қолдау көрсетілетін қызмет түрлері жеке белгіленді.

Енді мемлекеттік қолдау тек өндіріс саласымен шектелмейді. Тізімге медицина, білім беру, мектепке дейінгі тәрбие, қонақүй және қоғамдық тамақтану қызметтері, автосервис, жүк тасымалы, қойма, демалыс және басқа да бағыттар енгізілді.

Кәсіпкерлерге өз қаласы немесе ауданы бойынша қолдау көрсетілетін қызмет түрлерінің тізімімен алдын ала танысып, бизнесінің бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеру ұсынылады.

Толық ақпаратты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Ұлытау облысы бойынша филиалынан алуға болады.

Айта кетейік, «Даму» қоры кәсіпкерлерге қаржылай және басқа да қолдау тетіктерін ұсынып, өңірдегі бизнестің дамуына мүмкіндік береді.

Back to top button