Ұлытау тынысы

Ұлытаулық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов өз таңдауын жасады

Жезқазған қаласында Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасуда. Сағат 10:00-де №28 сайлау учаскесіне Ұлытау өңіріне белгілі ақсақал, саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов келіп, дауыс берді.

Жетпістен асқан шағында да ұзақ сапарларға шығып, жаяу саяхаттауды жалғастырып жүрген Сәрсенбай Қотырашов үшін бұл күннің маңызы ерекше.

2022 жылы саяхатшы Қазақстанның 17 өңірін жаяу аралап, шамамен 8 мың шақырым жол жүрді. Оның бұл жетістігі Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енген. Кейін ол халықаралық сапарларын жалғастырып, бірнеше мемлекетті жаяу жүріп өтті.

Биыл Сәрсенбай Қотырашов 53 күн ішінде Сербия, Венгрия, Австрия, Германия және Франция аумағы арқылы шамамен 3 мың шақырым жүріп, Парижге жетті.

Ел мен жерді жаяу аралап жүрген саяхатшының айтуынша, мұндай сапарлар Қазақстанның әр өңіріндегі халықтың тұрмыс-тіршілігін, дәстүрін, арман-мақсатын жақынырақ тануға мүмкіндік береді.

Back to top button