Сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді: сайлаудың алдын ала қорытындысы

Қазақстандағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,19%-ын құрайды.
Өңірлер бойынша дауыс беруге қатысу көрсеткіші:
Астана қаласы – 51,67%;
Абай облысы – 81,41%;
Ақмола облысы – 82,69%;
Ақтөбе облысы – 88,30%;
Алматы облысы – 71,17%;
Атырау облысы – 70,74%;
Батыс Қазақстан облысы – 73,38%;
Жамбыл облысы – 85,18%;
Жетісу облысы – 91,19%;
Қарағанды облысы – 76,28%;
Қостанай облысы – 76,47%;
Қызылорда облысы – 90,75%;
Маңғыстау облысы – 71,38%;
Павлодар облысы – 71,20%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 77,31%;
Түркістан облысы – 92,16%;
Ұлытау облысы – 70,72%;
Шығыс Қазақстан облысы – 87,50%;
Алматы қаласы – 43,23%;
Шымкент қаласы – 75,42%.
Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау дауыс берудің аяқталған сәтінен бастап 12 сағаттан аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру мен дауыстарды санаудың алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді Орталық сайлау комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы ұсынады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері арнайы брифингте жарияланады. Брифингтің нақты уақыты қосымша хабарланады.
Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы ақпарат беруді аяқтады.