«Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолының 208 шақырымдық учаскесінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

«Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолының 216–424 шақырым аралығындағы, жалпы ұзындығы 208 шақырым болатын учаскесін реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда нысанда 4 мердігер ұйым құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
топырақ жұмыстары – 4,0 млн м³, толық орындалды;
құм-қиыршық қоспасы (ПГС) қабаты – 195 км;
негіздің төменгі қабаты (ЩПС С4) – 185 км;
негіздің жоғарғы қабаты (ВСО) – 175 км;
жабынның төменгі қабаты (НСП) – 142 км;
жабынның жоғарғы қабаты (ВСП) – 40 км.
Жоба аясында қарастырылған 96 су өткізгіш құбырдың құрылысы толық аяқталды.
Көпір құрылыстары бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 2 көпірдің құрылысы толық аяқталса, тағы 2 көпірдің дайындық деңгейі 50%-ды құрайды.
Құрылыс жұмыстарына 950 адам және 600 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Жолдың құрылыс қарқынын сақтай отырып, жыл соңына дейін учаскеде асфальтобетон жамылғысы төселіп, автокөлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр.