Ұлытау тынысы
Таза жағалау — ортақ жауапкершілік

«Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында Ұлытау облысындағы Кеңгір және Жезді су қоймаларының жағалауында экологиялық сенбілік өтті.

Тазалық жұмыстарына Ұлытау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері мен еріктілер қатысты.

Қатысушылар жағалау аумағын қоқыстан тазартып, оған іргелес аумақты ретке келтірді.

Жалпы, Ұлытау облысында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық сенбілігіне 36 мың адам қатысты.

Мұндай экологиялық бастамалар қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырып, тұрғындарды туған өлкенің тазалығына бірге жауапкершілікпен қарауға үндейді.

Ұлытау облысының табиғатын бірге сақтайық!