Жезқазғандық ару отандық косметика брендін дамытып келеді

Қазақстандық косметика нарығында отандық брендтердің қатары көбейіп келеді. Солардың бірі — 2025 жылы Жезқазғандық кәсіпкер Арай Жүзжасарова Берікқызы негізін қалаған «ELLAY» авторлық бренді. Косметика жасауға қызығушылығы студенттік кезден басталған кәсіпкер мамандығы бойынша химик-технолог. Жинаған тәжірибесін жеке ісіне бағыттаған Арайдың мақсаты — Қазақстанда өндірілетін, сапасы мен құрамына мән берілген косметикалық өнім шығару.

«ELLAY» бренді «Табиғат + Ғылым» тұжырымдамасын ұстанады. Өнімдер Қазақстанда өндіріледі, сапа стандарттарына сәйкес келеді және HALAL талаптары бойынша сертификатталған. Брендтің қалыптасуына тұтынушылардың сұранысы да әсер етті. Өнімге қызығушылықтың артуымен бірге ассортимент кеңейіп, сатылым көлемі де тұрақты өсе бастаған.
Кәсіпкер өндірісті одан әрі дамыту үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржыландыруына жүгінді. Жобаны жүзеге асыруда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауы маңызды болды. Арай «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы аясында несие сомасының 85 пайызы мөлшерінде «Даму» қорының кепілдігін алды.

Қазір «ELLAY» өнім түрлерін көбейтіп, нарықтағы ауқымын кеңейту бағытында жұмыс істеп келеді. Кәсіпкердің алдағы мақсаты – отандық косметика брендін Қазақстанның барлық өңіріне танытып, серіктестік желісін қалыптастыру.