Спорт
Ұлытаулық жас спортшылар республикалық турнирде топ жарды
Жас спортшылар үшін кезекті дода Қарағанды қаласында өтті. 5–7 қазан аралығында 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында А. Ақпаевты еске алуға арналған республикалық турнир ұйымдастырылды.

Еліміздің әр өңірінен келген спортшылар бақ сынаған жарыста жерлестеріміз де шеберлігін көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

66 келі салмақта сынға түскен Диана Митина қарсыластарынан басым түсіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал 44 келіде Октябрь Нұрасыл үздік үштіктен көрініп, ІІІ орынға ие болды.
Осылайша, спортшыларымыз республикалық додадан екі жүлдемен оралды. Жас жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!