Спорт

Арқан тартудан облыстық чемпионат: бас жүлде – 1 миллион теңге

Ұлытау облысында арқан тартудан бақ сынайтын командаларға миллион теңге ұтып алу мүмкіндігі бар. 17 қазанда Сәтбаев қаласында ересектер арасындағы облыстық чемпионат өтеді. Жеңімпаздар қомақты ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Білектің күшін, командалық бірлікті және төзімділікті талап ететін жарыста үздік атанған командаға 1 миллион теңге табысталады. Екінші орын иегерлері 500 мың теңге, ал үшінші орын алған команда 300 мың теңге иеленеді.

Чемпионатқа қатысатын әр команданың құрамында 6 негізгі және 2 қосалқы ойыншы болуы тиіс.

Жарыс 17 қазан күні сағат 10:00-де Сәтбаев қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы, 26 мекенжайында орналасқан «Жастар» спорт сарайында басталады. Чемпионатқа қатысу және қосымша ақпарат алу үшін 8 776 524 88 77 нөміріне хабарласуға болады.

Миллион теңге үшін күш сынасуға дайынсыз ба? Командаңызды жинап, облыстық чемпионатта өз мықтылығыңызды дәлелдеңіз!

Back to top button