Қараусыз жүрген малға кім жауапты? Қалада төрт түлікті жаю тәртібі талқыланды

Қала көшелерінде қараусыз жүрген мал жол қозғалысына қауіп төндіріп, тұрғындарға қолайсыздық келтіруі мүмкін. Осы мәселенің алдын алу және төрт түлікті күтіп-бағу талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Қала әкімі Мұрат Берібаевтың төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығы жануарларының қараусыз жайылуына жол бермеу, мал иелерінің жауапкершілігін арттыру және белгіленген жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Жиында малдың қала көшелерінде, жолдарда және қоғамдық орындарда еркін жүруінің алдын алу қажеттігіне назар аударылды. Сондай-ақ төрт түлік иелері арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, мал жаю тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.
Қараусыз жүрген мал жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Сондықтан мал иелері жануарларды күтіп-бағуға жауапкершілікпен қарап, олардың қозғалысын бақылауда ұстауы қажет.
Мамандардың айтуынша, төрт түлікті белгіленген талаптарға сай бағу — әрбір иесінің міндеті. Бұл қала аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұрғындарға қолайсыздық тудыратын жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.