Спорт

Даяна Федосова — Азия Пара ойындарының қола жүлдегері

Ұлытау облысының спортшысы Даяна Федосова халықаралық аренада ел мерейін үстем етті. Пара дзюдодан өткен V Азия Пара ойындарында отандасымыз қола медаль иеленді.

Қазақстан намысын қорғаған Даяна J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға тұрақтады.

Бұл жетістік — спортшының табандылығы мен үздіксіз еңбегінің нәтижесі. Азия құрлығының үздіктері бас қосқан байрақты бәсекеде жүлдеге қол жеткізу — үлкен жетістік әрі отандық пара спорт үшін маңызды нәтиже.

Даяна Федосованы жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік серік болып, жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Back to top button