Спорт

Сәтбаевта жергілікті «Ястребы» командасы ел чемпионаты аясында мұз айдынына шығады

Сәтбаев қаласында шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионаты шеңберінде маңызды кездесулер өтеді. Жергілікті «Ястребы» командасы өз алаңында «Барыс» клубын қабылдайды.

Алғашқы матч 13 ақпанда сағат 17:00-де, ал қарымта ойын 14 ақпанда сағат 10:00-де басталады.

Өз айдынындағы ойын — «Ястребтер» үшін жауапты сын. Сондықтан қала тұрғындары мен жанкүйерлерді жерлестеріне қолдау көрсетуге шақырады. Трибуналардың белсенді қолдауы командаға қосымша серпін беріп, тартысты ойын өрбуіне ықпал етуі мүмкін.

Кездесулер көрермендерге жылдамдық пен шеберлікке толы әсерлі хоккей сыйлайды деп күтілуде.

Back to top button