Жезқазғанда шахматтан жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты басталды

Чемпионат 16–22 ақпан аралығында Ұлытау облысының әкімшілік орталығы — Жезқазған қаласындағы «Жігер» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өтуде. Байқауда классикалық шахмат, рапид және блиц барлық уақыт бақылаулары бойынша сынға түсуге мүмкіндік бар.
Шахматшылар 16–22 ақпан аралығында 9 турдан швейцариялық жүйемен жарысады:
— 16–20 ақпан – классика 60+30 (әр партияға 60 минут + әр жүрістен 30 секунд қосылады)
— 21 ақпан – рапид 10+5
— 22 ақпан – блиц 3+2
Чемпионатта классика бойынша екі жеңімпаз — жігіт және қыз — ел чемпионатының финалына жолдама алады. Сонымен қатар, чемпиондар әлемдік 20 жасқа дейінгі чемпионатқа жолдама алады, ал екінші орындар Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 400 000 теңгені құрайды. Классикадағы жеңімпаздарға 270 000 теңге, екінші орынға – 210 000 теңге, үшінші орынға — 120 000 теңге беріледі. Рапид және блиц бойынша жүлделерге тиісінше 150 000, 100 000 және 50 000 теңге төленеді.
Қазақстандық жас шахматшылар бұл чемпионатта өз елінің намысын қорғауға ұмтылуда.