Ұлытауда ардагерлермен Жаңа Конституция жобасы талқыланды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңірлік мүшелері Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында өңір ардагерлерімен ашық форматта кездесу өткізді.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов, Жезқазғанның құрметті азаматы Мұрат Қазамбаев және журналист, ақын Мұқағали Сейітқазы қатысты.

Кездесуде құжаттың негізгі бағыттары таныстырылып, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және халықтың шешім қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Ардагерлер Жаңа Конституция ел дамуының маңызды кезеңіндегі тарихи жауапкершілік екенін атап өтіп, өз ұсыныстарын білдірді.
Жиын ашық пікір алмасу алаңына айналып, алдағы уақытта тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасатыны айтылды.