
Қазақстан тарихында тұңғыш рет отандық балалар хоккей командасы хоккейдің отаны саналатын Канада жерінде жергілікті команданы жеңіп, алтын медаль иеленді.

Жасөспірімдер құрамасы әлемдегі ең беделді балалар турнирлерінің бірі — Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament додасында чемпион атанды. 1960 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан бұл турнир жас хоккейшілер үшін әлемдік деңгейдегі басты алаңдардың бірі саналады.
Биыл Квебекте өткен жарысқа 16 елден 120 команда қатысты. Финалда қазақстандық Astana Team алаң иелері – Монреаль командасымен кездесті. Негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталды. Жеңімпаз буллиттер сериясында анықталып, отандастарымыз айқын басымдықпен жеңісті жұлып алды.

Айта кету керек, дәл осы мұз айдынында кезінде Уэйн Гретцки, Марио Лемье және Сидни Кросби сынды әлемдік хоккей аңыздары өнер көрсеткен.
Бұл жеңіс – қазақстандық балалар хоккейінің халықаралық деңгейдегі әлеуетін көрсеткен маңызды тарихи сәт.