Қоғам

Ұлытау облысында жоғалған екі ер адам табылды

22 ақпанда сағат 06:00-де Ұлытау облысы 112 пультіне екі ер адамның мал іздеуге автокөлікпен шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түсті.

Іздеу жұмыстарын жүргізуге Төтенше жағдайлар қызметі, полиция қызметкерлері, іздеуге қатысқан туыстары, жергілікті әкімдік өкілдері және «ҚазАвиаҚұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.

Ер адамдар іздеу тобының күштерімен Солдат қыстағынан 24 км қашықтықта, Талап ауылына жақын жерден табылды. Оларға медициналық көмек көрсетілмеді, жағдайлары жақсы. Құтқарушылардың тез әрекеті мен үйлестірілген жұмысы адам өмірін сақтап қалды.

Back to top button