Заң және тәртіп
Ұлытау облыстық сотында жаңа судьялар таныстырылды

2026 жылғы 5 наурызда Ұлытау облыстық сотының ұжымына жаңа судьялар таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 наурыздағы №1188 Жарлығына сәйкес, Жезқазған қалалық сотының судьясы лауазымына Манас Мұхтарұлы Қожамжаров, ал Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне Гүлмира Тұрсынбайқызы Шаянова тағайындалды.
Жаңа қызметке тағайындалған судьяларға сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы жұмыстарына сәттілік тіленді.