Ұлытау тынысы
Тренд

Ауыл кәсіпкерлігіне серпін берген қолдау

Жеке кәсіпкер Енуар Ерсұлтан (ИП «Ерсұлтан») «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында алған жеңілдетілген несие арқылы өз шаруашылығын дамытуда. 2024 жылы жылдық 2,5% мөлшерлемемен 7 миллион теңге несие алып, 14 бас жылқы сатып алған кәсіпкер бұл қадамның шаруашылығын кеңейтуге үлкен мүмкіндік бергенін атап өтті.

Бүгінде ол мал басын көбейтіп, фермерлік ісін одан әрі нығайтып келеді. Кәсіпкердің айтуынша, мұндай бағдарламалар ауыл тұрғындарына еңбек етіп, өз кәсібін дамытуға және ауылдың өркендеуіне үлес қосуға жол ашады.

Осы ретте Енуар Ерсұлтан көрсетілген қолдау үшін «Ұлытау» ӘКК» АҚ-на шынайы алғысын білдірді.

Back to top button