
Ұлытау облысында жастарға арналған «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы биыл да өз жалғасын тапты. Жоба 35 жасқа дейінгі азаматтарды баспанамен қамтуға бағытталған.
Бағдарлама аясында облыс әкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп, жеңілдетілген несие беру үшін 625 млн теңге бөлді. Қатысушылар үшін жылдық мөлшерлеме 5%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге, ал бастапқы жарна кемінде 10% болуы қажет.
Өтінім қабылдау 2026 жылғы 26–27 наурыз күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Құжаттар Алашахан даңғылы, 1 мекенжайындағы Азаматтарды қабылдау орталығында қабылданады.
Бағдарлама жастардың қолжетімді шарттармен баспана алуына мүмкіндік береді.