Қоғам
Тренд

Ұлытауда жастар форумы өтіп, белсенді азаматтар марапатталды

Ұлытау облысында «Жаңа Конституция – жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің негізі» атты белсенді жастар форумы өтті. Іс-шара барысында ел өміріндегі маңызды саяси науқан – референдумның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды.

Форумға өңір жастары, қоғамдық ұйым өкілдері және түрлі сала мамандары қатысты. Жиында Конституциялық реформалардың маңызы, жастардың қоғамдағы рөлі мен құқықтары, сондай-ақ олардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Салтанатты рәсімде облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Ыдырысов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматқа Президенттің Алғыс хатын табыстады. Іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Back to top button