Ұлытау облысында Қызылорда — Жезқазған жолының бір учаскесі қалпына келтірілді

Ұлытау облысының «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы Қызылорда – Жезқазған автомобиль жолының қайта жаңарту жүргізіліп жатқан учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанын хабарлады.
Атап айтқанда, жолдың 424–410 шақырым аралығында, Талап кенті бағыты бойынша бұрын анықталған жол жамылғысының бүлінуіне байланысты тиісті жөндеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде барлық ақаулар жойылып, жол учаскесі қанағаттанарлық жағдайға келтірілді.
Жөндеу барысында ауыр жүк тиегіш автосамосвалдардың қозғалысы толықтай тоқтатылып, жол жамылғысын тегістеу және шұңқырларды жөндеу жұмыстары толық орындалды.
Аталған жұмыстарға 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Оның ішінде 4 жүк тиегіш, 2 грейдер және 2 каток бар.
Қазіргі уақытта осы аралықта айналма жол құрылысы қатар жүргізіліп жатыр.