Ұлытау тынысы
Тренд

Тастаған қоқысың өзіңе қайта айналып келеді

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны

Жезқазған қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонының құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба қалдықтарды тек көму емес, оларды тиімді әрі жүйелі басқаруды көздейді.

Жоба аясында қалдықтарды сұрыптау желісін іске қосу, сондай-ақ пластик пен резеңкені қайта өңдеу бағыттары қарастырылған.

Аталған бастама қалдықтардың бір бөлігін қайта өңдеп, оларды екінші реттік шикізат ретінде экономикаға қайта айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәсіл қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтып, көмілетін қалдық көлемін қысқартуға және жалпы қалдықтарды басқару тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Back to top button