
Ұлытау облысында ҚР Журналистер одағы филиалының кезекті жиыны өтті. Кездесу Тарихи-археологиялық музейде ұйымдастырылып, онда өңірлік журналистиканы дамыту мәселелері талқыланды.
Жиын барысында сала өкілдерін қолдау бағытындағы жұмыстар мен алдағы жоспарлар айтылып, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ жаңа мүшелер қабылдау, марапаттау, алдағы іс-шараларды бекіту секілді бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Кездесу қорытындысында нақты шешімдер қабылданып, алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.