
Ұлытау облысында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында нақты қадамдар жасалуда. Соның айқын дәлелінің бірі – білікті дәрігер Нұрбол Нұрмаханұлының өңірге арнайы әлеуметтік бағдарлама аясында келуі. Бүгінде ол жергілікті тұрғындардың денсаулығын жақсартуға өз үлесін қосып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді.
Маман тапшылығын азайту мақсатында жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстар аясында облыс әкімдігінің қолдауымен жас дәрігерге 5 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы беріліп, баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл – аймаққа қажетті кадрларды тартуға бағытталған тиімді шаралардың нақты нәтижесі.