Басты жаңалықҰлытау тынысы
Тренд

«Ұлытау» ӘКК АҚ экологиялық саммитте бой көрсетті

«Ұлытау» ӘКК АҚ өкілдері Астана қаласында өтіп жатқан RES 2026 (Regional Environmental Summit) өңірлік экологиялық саммитіне қатысуда. 22-24 сәуір аралығында ұйымдастырылған ауқымды жиын Орталық Азиядағы экология, климаттың өзгеруі және тұрақты даму мәселелерін талқылайтын маңызды халықаралық алаңдардың бірі саналады.

Саммитке мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар ортасының өкілдері жиналды. Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» экономиканы дамыту, ресурсты үнемдейтін технологияларды енгізу, инвестициялық әріптестікті кеңейту секілді өзекті мәселелер кеңінен талқылануда.

Аталған шараға қатысу «Ұлытау» ӘКК АҚ үшін озық халықаралық тәжірибелермен танысуға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін инвестициялық жобаларды қарастыруға мүмкіндік береді.

Компания алдағы уақытта да экологиялық тұрақтылықты нығайтуға, қоршаған орта сапасын жақсартуға және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Back to top button