Ұлытау тынысы
Тренд

Шұңқырлы жолдар тұрғындарға қолайлы бола түспек

Жезқазған қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қаладағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында шұңқырлы жөндеу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын «OTERMA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жоба аясында жалпы көлемі 20 мың шаршы метр жол жабынын қалпына келтіру жоспарланған.

Шұңқырлы жөндеу жұмыстары Гагарин, Байқоңыров, Сәтбаев, Жәлел, Марғұлан, Әуезов, Мұқанов және Жезді көшелерінде, сондай-ақ әуежайға апаратын жол бойында жүргізіледі.

Мамандардың айтуынша, жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары барысында көлік қозғалысына келтірілетін қолайсыздықты барынша азайту шаралары қарастырылған.

Back to top button