Ұлытау облысында орташа жалақы 665 мың теңгені құрайды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Ұлытау облысындағы орташа айлық жалақы 655 995 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өңірді Қазақстандағы ең жоғары жалақы төленетін аймақтардың қатарына шығарды.
Орташа еңбекақы көлемі бойынша Ұлытау облысынан тек Маңғыстау облысы ғана алда тұр. Онда орташа жалақы көлемі 659 мың теңгеге жеткен.
Ал еліміз бойынша орташа айлық жалақы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 461 мың теңгені құраған. Дегенмен, инфляцияны есептегенде бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі пайызға төмендеген.
Статистикаға сәйкес, Қазақстандағы медианалық жалақы 331 мың теңге болды. Бұл — ел тұрғындарының тең жартысы осы сомадан аз, ал қалған бөлігі көп табыс табатынын көрсететін көрсеткіш.
Сарапшылардың айтуынша, Ұлытау облысындағы жоғары жалақы өнеркәсіп пен тау-кен саласының үлесімен байланысты.