Ұлытау тынысы

Идеяңыз бар ма? грантқа өтінім беріңіз

Жезқазғанда өз кәсібін бастауды немесе тың жобасын жүзеге асыруды жоспарлап жүрген жастар үшін жақсы мүмкіндік бар. Қазір қалада жастардың жаңа бастамаларына қаржылай қолдау көрсететін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау жалғасуда.

Гранттың негізгі мақсаты – жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіп, өз идеясын нақты жобаға айналдыруына мүмкіндік беру. Яғни, көптен бері ойда жүрген бизнес-жоспар бар, бірақ оны бастауға қаржы жетіспесе, бұл байқау сол идеяны іске асыруға жасалған алғашқы қадам болуы мүмкін.

Байқауға қатысу үшін үміткер өз жобасын таныстыра білуі қажет. Ол үшін бизнес-жоспар әзірлеп, жобаның таныстырылымын 10 слайдқа дейін дайындауға немесе ұзақтығы 3 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуға болады. Сонымен қатар байқау талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды жинау қажет.

Өтінімдер 14 қазанға дейін қабылданады.

Қатысуға ниетті жастар Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 26/1, «JASTAR SARAIY» мекенжайына жүгіне алады.

Байқауға қойылатын талаптар мен қажетті құжаттардың толық тізімін ұйымдастырушылардан білуге болады.

Егер сізде бизнеске немесе қоғамға пайдалы жобаға айналатын идея болса, оны кейінге қалдырмай, дәл қазір мүмкіндік ретінде қарастырып көріңіз.

Back to top button