СпортҰлытау тынысы
Тренд

Жаңаарқалық спецназ қызметкері әлемдік додада топ жарды

Жаңаарқа ауданының тумасы Айдос Төкенов арнайы жасақтар арасындағы беделді халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетті. Дубайда өткен UAE SWAT Challenge – 2026 жарысында Қазақстан намысын қорғаған отандастарымыз алтын және күміс жүлделерді иеленді.

Биылғы бәсекеге 48 елден келген 109 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Бұл турнир тек жарыс қана емес, төзім, темірдей тәртіп, кәсіби шеберлік пен жоғары дайындықты талап ететін үлкен сынақ саналады.

Айта кетейік, халықаралық аренадағы бұл жетістік қазақстандық арнайы жасақ қызметкерлерінің біліктілігі мен дайындығының жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Back to top button