
Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласына кіреберістегі маңызды бағыттардың бірі – әуежайға апаратын және Қызылордаға шығатын айналма жолды абаттандыру жобасының басталғанын мәлімдеді.



Қала әкімі бұл аумақтың келбетін жаңарту – шаһардың сыртқы көрінісін жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, жоба тек мамандар деңгейінде ғана емес, қала тұрғындарының қатысуымен жүзеге аспақ.



«Әріптестерімізбен бірлесіп, дизайнды кабинет ішінде ғана таңдамай, тұрғындардың пікірін ескеруді жөн көрдік. Дизайнерлер бірнеше нұсқа ұсынды. Енді бұл кеңістіктің қандай болатынын – заманауи, жасыл, минималистік немесе ерекше акценті бар үлгіде болуын жезқазғандықтардың өзі анықтайды», – деді қала әкімі.
Тұрғындар өздеріне ұнаған нұсқаны таңдап, нөмірін көрсетіп, пікір қалдыра алады. Сонымен қатар, таңдауының себебін қысқаша бөлісуге мүмкіндік бар.