
Ұлытау облысында тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр.
Соңғы бес жылда жоба нақты іске асыру кезеңіне өтті. Бүгінде өңірде жаңартуды қажет ететін 58 апатты көпқабатты тұрғын үй анықталған. Қазіргі таңда Жезқазған қаласында Абай көшесі бойындағы №53, 55, 57, 59 үйлерді реновациялау жұмыстары басталды.
«Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ инвесторларды тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде — келіссөздер Қазақстанда да, шетелде де өтуде.
Сонымен қатар, реновация жобалары Сәтбаев қаласында да жүзеге асырылып жатыр. Әзірленген өңірлік бағдарлама жуық арада бекітуге ұсынылады.
— Негізгі мақсат — тұрғындарды қауіпсіз әрі заманауи баспанамен қамтамасыз етіп, өңірдегі өмір сүру сапасын арттыру, — деді «Ұлытау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Садыбеков.