Қоғам

Жезқазғанда бензовоздағы өрт кезінде мүмкін жарылыстың алдын алды

Жезқазған қаласының өнеркәсіптік аймағында дизель отынын тасымалдаған бензовозда өрт шықты.

Жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жақын маңдағы гараждан 4 оттегі баллонын алып шықты. Бұл шара мүмкін болатын жарылыстың және жағдайдың ушығуын алдын алуға мүмкіндік берді.

Объект қызметкерлері құтқарушылар келгенге дейін өздері эвакуацияланды.

Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Back to top button