Қоғам
Жезқазғанда ірі жарылыстың алды алынды

Жезқазған қаласы Аманбай батыр көшесінде гараж бен шаруашылық құрылыстың жануы орын алды. Өрттің жалпы ауданы 32 шаршы метрді құрады.
ТЖМ күштері өртті жедел түрде сөндірді. Өртті сөндіру барысында гараж ішінен оттегі баллоны шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алынды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.