
Жезқазғанда биыл ауқымды көгалдандыру жұмыстары қолға алынды. Қала аумағында 3000-нан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бұл бастама шаһардың экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі таңда ағаш отырғызу жұмыстары Холмецкий және Сарыарқа көшелерінде, сондай-ақ Наурыз саябағы мен Сәкен Сейфуллин атындағы скверде жүргізілуде. Мамандар белгіленген жоспарға сәйкес түрлі көшеттерді отырғызуда. Атап айтқанда, шаған, катальпа, ірі жапырақты қарағаш, шатыр пішінді қарағаш, үйеңкі, пирамидалы терек, жалпақ жапырақты қарағаш және қайың ағаштары егілмек.
Көшеттердің дұрыс өсіп, жерсінуі үшін суару жұмыстары да жүйелі түрде ұйымдастырылады. 15 сәуірден бастап арнайы суару құрылғылары іске қосылып, орнатылған ыдыстар мен тартылған құбырлар арқылы ағаштарға тұрақты су беріледі.