ҚоғамҰлытау тынысы

Ерлік пен Қасірет: Чернобыль апатына 40 жыл толуына орай жерлестеріміз рухына тағзым етілді

Адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат – Чернобыль атом электр станциясындағы жарылысқа биыл тура 40 жыл. Осыдан төрт онжылдық бұрын бейбіт атомның ажалына қарсы тұрып, адамзатты апаттан арашалаған қаһармандарды еске алуға арналған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

1986 жылдың көктемі бүкіл әлем үшін қасіретпен басталды. Көзге көрінбейтін жау – радиациямен күресу үшін мыңдаған қазақстандық, оның ішінде біздің де жерлестеріміз оқиға ортасына аттанды. Бүгін сол бір сұрапыл шақта жанын пида еткен және апат салдарын жоюға қатысқан қаһармандардың рухына тағзым ету үшін қала тұрғындары ескерткіш басына жиналды.

Жиынға жергілікті билік өкілдері, Чернобыль ардагерлері, қаза тапқандардың туыстары мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Шара құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Расында да, Чернобыль қасіреті тек тарихи факт емес, бұл – адамзатқа ортақ үлкен сабақ. Ел басына күн туғанда кеудесін радиацияға тосып, келешек ұрпақтың өмірін сақтап қалған жерлестеріміздің есімі ел тарихында алтын әріптермен жазылып қалмақ.

Жиын соңында қатысушылар ескерткіш тақтаға қызыл қалампыр гүлдерін қойып, борышын адал атқарған азаматтарға шексіз құрметтерін білдірді.

Back to top button