
Жезқазғанды Петропавл қаласымен жалғайтын автожол құрылысы 2026 жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, жолдағы жұмыстар биыл қазан айында толық тәмамдалады. Қазіргі таңда учаскелерде орташа жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Атап айтқанда, Жезқазған–Арқалық–Петропавл бағытындағы «Ұлытау–Арқалық» жолының 35 шақырымы пайдалануға берілген. Қалған 89 шақырымда құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.
Жоба өңіраралық қатынасты жақсартып, көлік қозғалысының қолайлылығын арттыруға бағытталған.