Ұлытау тынысы

Ұлытау өнімдері — елорда төрінде!

Елордада отандық өндірушілердің басын қосатын дәстүрлі IX «ULTTYQ ÓNIM-2026» көрмесі өтеді. Ауқымды шара 22–24 мамыр күндері Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында ұйымдастырылады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бастамасымен өтетін көрмеге Қазақстанның барлық өңірінен отандық тауар өндірушілер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынады. Биылғы көрмеде Ұлытау облысының өндірістік әлеуетін өңірдің жетекші 15 компаниясы таныстырмақ.

Көрме барысында келушілер мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерімен танысып, сапалы отандық тауарларды сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, Ұлытау облысының кәсіпкерлері өткен жылы да «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне қатысып, өз өнімдерін кеңінен насихаттаған болатын. Мұндай алаңдар жергілікті өндірушілердің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстар орнатуына және қазақстандық брендтердің танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Back to top button