«Жезқазған–Арқалық–Петропавл» автожолының 15 шақырымы жөнделіп, пайдалануға берілді

«Жезқазған–Арқалық–Петропавл» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 208–223 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жаңартылған жол учаскесі 2026 жылғы 24 тамызда пайдалануға берілді.

Жөндеу жұмыстары 2025 жылы басталған болатын. Мердігер ұйым – «Автодорсервис-НС» ЖШС, техникалық бақылауды «SSK Halding» ЖШС жүзеге асырды. Жоба аясында жолдың қолданыстағы жабындысы қайта өңделіп, 25 см қалыңдықта ресайклинг жүргізілді. Оның үстіне 6 см ірі түйіршікті және 5 см ұсақ түйіршікті асфальтобетон қабаттары төселді.
Сонымен қатар, жол учаскесінде 3 су өткізу құбыры мен 1 дюбинг ауыстырылды. Жол жиегі қалыптастырылып, нығайтылды және жол таңбалары толық сызылды. Жөндеу жұмыстарына 1 асфальт-бетон зауыты, 41 жұмысшы және 24 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Жұмыстардың сапасына ерекше бақылау жүргізілді. Ұлттық сапа орталығы тарапынан пайдаланылған құрылыс материалдары зертханалық сынақтан өткізіліп, асфальтобетон жабындысынан алынған керн үлгілері тексерілді. Зерттеу қорытындысы бойынша құрылыс материалдары мен орындалған жұмыстардың жобалық талаптарға сәйкестігі расталды.
Осылайша, «Жезқазған–Арқалық–Петропавл» автожолының 208–223 шақырым аралығындағы 15 шақырымдық учаскесінде жоспарланған жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жол қозғалысына ашылды.