Басты жаңалықЗаң және тәртіп

Ұлытау облысында полиция бөлімдерінде профилактикалық кабинеттер ашылды

Ұлытау облысындағы қала және аудандық полиция бөлімдерінде профилактикалық кабинеттер жұмысын бастады. Жоба Ішкі істер министрлігінің бастамасымен құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Жаңа кабинеттер тұрғындарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіп, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға бағытталған. Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстар полиция, жергілікті атқарушы органдар және әлеуметтік мекемелердің бірлескен іс-қимылы арқылы тиімді жүзеге асады. Осыған байланысты әкімдіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен өзара байланыс күшейтілген.

Кабинеттерде алкоголизм, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және девиантты мінез-құлық секілді мәселелер бойынша кеңес беріледі. Жоба аясында полиция қызметкерлері, психологтар, нарколог дәрігерлер, медицина және әлеуметтік сала мамандары тартылған.

Бастама тұрғындарға қолжетімді көмек көрсетіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өңірдегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Back to top button