2026 жылы Ұлытаудың табиғи және тарихи мұрасын сақтау жобасы басталды

Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейі мен «Ұлытау» ұлттық паркі арасындағы үш жылдық ынтымақтастық аясында 2026–2028 жылдарға арналған «Ұлытау: Табиғат және Мәдени мұра» жобасы әзірленді. Жоба өңірдің табиғи және тарихи мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеу, сақтау және насихаттауға, сондай-ақ туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.
2026 жылдың 23 ақпан күні музейде жобаның алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Кездесуге екі мекеме қызметкерлері қатысты, арнайы жұмыс тобы құрылып, 2026 жылға арналған нақты іс-қимыл жоспары бекітілді.
Жоба аясында келесі бағыттар жүзеге асырылатын болады:
-Ұлытаудың өсімдіктері мен жануарлар дүниесін зерттеу;
-Ғылыми-танымдық кітапшалар әзірлеу;
-Экотуристік іс-шараларды ұйымдастыру.
Ұлытаудың тарихи-мәдени және табиғи мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу, аймақтың экологиялық туризмін дамыту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл бастама – болашаққа жасалған берік инвестиция болып табылады.