
Көктем мезгілінің басталуы және ауа райының жылынуына байланысты 2026 жылдың 31 наурызынан 1 сәуірге қараған түні сағат 00:00-ден бастап Жезқазған қаласында жылыту маусымы ресми түрде аяқталады.
Сонымен қатар, «Kazakhmys Energy» ЖШС ЖЭО мен «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ, сондай-ақ барлық ПИК, КС, МИБ төрағаларына және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған нысандардың басшыларына жылыту маусымы аяқталғаннан кейін де ыстық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету тапсырылды.