
Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде тағылымы мол, танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға Қ.И. Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музей мен М. Төрегелдин атындағы Жезді кентінің тау-кен және балқыту ісі тарихи музейі қорынан арнайы көрме ұсынылды.
Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақты туған өлкенің тарихымен таныстырып, көрнекті ғалымның өмірі мен еңбегін кеңінен насихаттау болды. Шара барысында Қаныш Сәтбаевтың ғылымға қосқан үлесі, сондай-ақ Үлкен Жезқазғанның дамуына сіңірген еңбегі жайлы тың мәліметтер айтылды.
Сонымен қатар «Қ.И. Сәтбаев және Үлкен Жезқазған» тақырыбында өткен еркін форматтағы әңгіме оқушылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды.